"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

2022 жылдың 14-17 тамыз күндері аралығында Абай облысы, Абай ауданында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ Республикалық «Абай оқулары» өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. «Абай оқулары» сайысына республиканың түкпір-түкпірінен 120-дан астам қатысушы қатысты

19.08.2022

2022 жылдың 14-17 тамыз күндері аралығында  Абай облысы, Абай ауданында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ Республикалық «Абай оқулары» өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. «Абай оқулары» сайысына республиканың түкпір-түкпірінен 120-дан астам қатысушы қатысты. Қатысушылар 6 номинация бойынша бақ сынасып, білімдерін сарапқа салды.  Аталмыш  байқауға  Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Дәулет Іңкәр  «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша қатысып, грамотамен марапатталды. Жыр бәйгесіне баптап қосқан жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кобенова Гульмира Сакеновна. 
 Іңкәрді құттықтай отыра,  әрдайым білімнің биік шыңынан көрінуіне тілектеспіз

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст