Бүгін "Bolashaq sarayi" балалар мен жасөспірімдер сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Ақмола облысы мектептерінің 11 сынып түлектеріне құрмет көрсетілді. Балалар жылы аясында өңір басшысынан 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықты "Алтын белгі" белгісінің 270 иегері, оның ішінде Бурабай ауданы мектептерінің 31 талантты, табысты түлектері алды. Біздің балалар мектепте оқудың жоғары нәтижелерін көрсетті, жыл сайын Бурабай ауданының мектептерінің намысын пәндік олимпиадаларда, конкурстарда және зияткерлік турнирлерде қорғады. Ата-аналар атынан Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беру мектебінің түлегі Жанель Акатованың әкесі Ерлан Ақатов ризашылық білдірді. Бурабай ауданы бойынша 11 сынып түлектерінің саны - 223, олардың ішінде "Алтын белгі" иегерлері - 31, үздік аттестат иегерлері - 18. Құрметті түлектер! Сіздерді мектеп бітірулеріңізбен құттықтаймыз! Барлық бастамаларыңызға сәттілік және мақсаттарыңызға жетуге тілектеспіз!