"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әдістемелік кеңестің төртінші отырысы өтті

09.06.2022

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Щучинск қаласындағы № 3 жалпы білім беретін мектеп базасында "Педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша ауданның әдістемелік кабинеті мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысы" тақырыбында әдістемелік кеңестің төртінші отырысы өтті.

   Кеңесте жазғы мектептің жұмысын ұйымдастырудағы тиімді тәсілдер, қала  мектептерінің  ауыл мектептеріне қамқорлығы бойынша жұмысты ұйымдастыру, жетекші мектептердің жұмысына талдау жасау және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша қауымдастықтардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сол  сияқты, «2022-2023 оқу жылында ғылым негіздерін оқыту туралы»жобасына сәйкес 2022-2023 оқу жылына жұмысты жоспарлау жүйесі  таныстырылды. «Үздік авторлық бағдарлама» аудандық конкурсының қорытындысы шығарылды. Кеңестің соңында ауданның білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секциялық отырыстарының жұмысын жоспарлауды ұйымдастыру  қарастырылды.. Педкадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша ауданның әдістемелік кабинеті мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысының негізгі бағыттары мен мәселелерін тыңдап, аудандық әдістемелік кеңестің қатысушылары педагогикалық инновациялық қызметті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.

Просмотров: 274


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст