"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Менің қалам, саған арнаймын...» атты аудандық шығармашылық іс-шарасы

05.07.2019

           2019 жылдың 5 шілдесінде МКҚК «Ақбота» бөбекжайында Көкшетау қаласының 195 жылдығына арналған «Менің қалам, саған арнаймын...» атты аудандық шығармашылық іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: Педагог қауымының азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

          Бұл шараға мектепке дейінгі мекеме басшылары, әдіскерлер және педагогтары мен тәрбиешілері қатысты. Шығармашылық іс-шараға қатысушылар үш топқа бөлініп, келесі аялдамалар бойынша тапсырмалар орындады:

  • «Көкшетау- спорт қаласы» аялдамасы;
  • «Көкшетау- болашақ қаласы» аялдамасы;
  • «Туған қалама» аялдамасы.

          Әділ-қазылар алқасының құрамына Бурабай аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Макишева Айнагүл  Макулбековна, Кусаинбекова Жанар Маратовна және білім бөлімінің бас маманы Күнтуған Раушан кірді.Әділ-қазылар іс-шара қорытындысын жасай отырып, Көкшетау қаласының 195 жылдығына арналған осы  іс-шараны ұйымдастырып, өткізгені үшін «Ақбота» бөбекжайының әдіскерлері Шайменова Гүлнар Айтпаевна мен Исина Ботакөз Сартаевна дипломдармен марапатталды.

          Сонымен қатар Көкшетау қаласының 195 жылдығына арналған  бұл аудандық шығармашылық іс-шарасына қатысқан қатысушылар топтары көрсеткен білімдері мен тапқырлықтары үшін  I, II,  III деңгейдегі мадақтамалармен марапатталды.

Просмотров: 550


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст