Текст
Көкшетау қаласының № 17 «Көктем» балабақшасы базасында 2019 жылғы 13-14 мамыр күндері мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» облыстық конкурсы өтті.
Конкурсқа 16 аудан мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 18 тәрбиеші қатысты.
Мақсаты: педагог мамандығының мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды марапаттау.
Бурабай ауданын «Ақбота» балабақшасы тәрбиешісі Умирова Макпал Ерболовна ұсынып, және «Көшбасшы педагог» номинациясы алып, 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталды.