2019 жылдың 12 сәуір күні Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясында "Бабалар бесігі - ұрпақтар сабақтастығы" атты аудандық жастар форумы өтті.
Форумының мақсаты оқушылардың қазақ халқының тіліне, тарихына және мәдениетіне, экономикасының дамуына деген қызығушылығын арттыру және оған өз үлесін қосуға ынталандыру, тұлғаның өз-өзін дамытуына, өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау болып табылады.
Форум барысында қадамын нық,мақсаты айқын,білімі мен біліктілігін мектептің дамуына арнаймын деген жас басшы Зеленобор мектеп-гимназия директоры Рахымжанов Мейрамбек Құдайбергенұлы, облыстық "Педагогикалық вернисаж" конкурсының ІІІ-орын жүлдегері,аудандық "Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз"конкурсының І-орын иегері, №9 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Әлмеш Бекмұрат Әділханұлы, "Үздік қазақ тілі мұғалімі"байқауының І-орын иегері Зеленобор мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сураганов Дамир Шоқанұлы, «Педагогикалық үміт» аудандық конкурсының жүлдегері математика пәнінің мұғалімі Бекшораев Бакдаулет Бегалиевич сөз сөйледі.
Форум жас жеңімпаздарымызды марапаттау мен жастардың орындауындағы флешмобпен аяқталды.