Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі таңда жас ұрпаққа берілетін білімнің сапасын, білім алушылардың дарындылығын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Солардың ішінде қасиетті тіліміз бен әдебиетіміздің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілетін олимпиаданың алар орны айрықша. Осы орайда, 2019 жылы сәуір айының 3-5 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және танымдық деңгейлерін анықтау мақсатында Көкшетау қаласында «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Әйгілі педагог, ұстаздардың ұстазы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қ.Бітібаева атындағы олимпиадаға 16 ауданнан және Астана, Көкшетау қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты . Олимпиада 2 кезеңде өткізілді. 1 кезең – жазбаша (эссе); 2 кезең – ауызша.
Аталмыш олимпиадаға Бурабай ауданынан 3 оқушы қатысып ,2 жүлделі орындарға ие болды. Олар: Абылайхан атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Шаймұратова Еркемай , № 9 мектеп-гимназиясының 9 –сынып оқушысы Хасенова Айнұр- ІІІ дәрежелі диплом және медальмен марапатталды. Сонымен қатар, естелік сыйлықтар табыс етілді. Болашақта оқушылармызға сәттілік тілей отырып, аңсаған армандарына жетіп, биік шыңдардан көріне берулеріне шын жүректен тілектестік білдіреміз.