"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Аудандық Абай мен Махамбет оқулары

05.04.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында

2019  жылдың    5 сәуір күні «Арман» МТОТЖО базасында 5 -11 сынып оқушылары арасында Абай,Шәкәрім, Махамбет шығармаларын, қара сөздері мен өлең-жырларын оқушылардың бойына сіңіру мақсатында аудандық   Абай оқулары және Махамбет оқулары өтті..Аталған шараға ауданның 23 мектебінен 65 оқушы  қатысты.

 

  1.  Абай оқулары төрт бөлім бойынша өткізіледі:

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (Абай және Шәкәрім шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).

«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы.

«Жүйріктен жүйрек озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

2. Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

«Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылaды).

«Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін орындаушылардың конкурсы.

«Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Барлық  номинациялар  бойынша  сайыста  Атамекен  ауылы  ОМ, Щучинск қаласы  №7 МЛ,№9МГ, Наурызбай батыр ,Абылайхан,     Мәдение ОМ,  Кіндікқарағай НМ,Қарабұлақ  НМ, Зеленобор МГ,Қарашілік ОМ,Ұрымқай ОМ –нің  қазақ  тілінде  оқытатын  сыныптарының  балалары  өздерінің  білімімен,  өнерімен  көрермендердің  көңілінен  шықса , Веденовка  орта мектебінде  оқитын  өзге  ұлттың  балалары   жоғарыда  аталған  номинациялар  бойынша  жүлделі  орындарға  ие  болды. Жеңістеріңіз құтты болсын!

 

 

Просмотров: 1028


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст