Текст
2019 жылдың наурыз айының 20 жұлдызында «Арман» МТОТЖО да Досмағамбетов Арман Кәрібайұлының ұйымдастыруымен ата-аналарға және ауданымыздың тәрбиешілеріне арналған «Ел боламың десең бесігінді түзе» атты семинар тренинг өткізілді. Маңызды және мазмұнды тақырып келген қонақтарға жақсы әсер қалдырды. Арнайы шақыртылған қонақтар ішінде Бурабай аудандық газетінің бас директоры Рақышев Болат Сабырұлы, ардагер ұстаздар Қасенова Бағила Батырғалиқызы, Ташпенова Жібек Өмірзаққызы, Білім бөлімінің әдіскері Токпакова Алия Төлегенқызы қатысты.Тағылымды бейнероликтер көрсетіліп, бала тәрбиесінде аса қажет әдіс тәсілдер талқыланды.