"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Бурабай ауданы білім бөлімінің 2018 жылғы қорытындысы бойынша қызметін талдау және 2019 жылға арналған міндеттер.

15.03.2019

Білім беру жүйесінің басымдықты міндеті Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында нақты анықталған.

         Бурабай ауданында 57 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 42 мектеп, 13 мектепке дейінгі және 2 мектептен тыс ұйым.

Мектепке дейінгі білім беру.

46 мектепке дейінгі ұйымнан 13 балабақша және жалпы білім беретін мектептер және «Арман» МТОТЖО жанында 33 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді.  13 балабақшадан (4 – мемлекеттік, 9 жеке меншік) оқыту және тәрбиелеу 6 қазақ және орыс тілінде жүргізіледі, Щучинск қ. «Ақбота» бөбекжайы мемлекеттік, «Голубой парус», «Малыш», «Мия», «Балапан» жеке меншік балабақшалар оқу-тәрбиелік үдерісті орыс тілінде жүзеге асырады.

Ауданда қамтуға жататын 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 4714, олардың ішінен мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды 3243 (68,7%). Қамтуға жататын 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 3243, олардың шінен қамтылды 3243 бала, ол 100 %-ды құрайды (2017 жыл – 99,5%), 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар- 72% (2017 жыл - 71%).

2017 жылмен салыстыру бойынша мектепке дейінгі ұйымдар контигентінің саны жалпы білім беретін мектептер жанында мектепке дейінгі шағын орталықтарды кеңейту және 2 жеке меншік балабақшаны ашу есебінен артты: Щучинск қ. «Бала сити»  б/б және «Нұрай» б/б.

3 жатан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтуды арттыру тенденциясы байқалады: соңғы 3 жыл осы көрсеткіш 85,7 %- да 100%-ға өсті.

Жалпы орта білім беру.

Орта, жалпы білім беру жүйесінде 42 мектеп жұмыс істейді, олардың ішінен қазақ тілінде білім беретін – 15 мектеп (ауыл жеріндегі 13 мектепте– 562 оқушы, қалада 2 мектеп - 1474 оқушыны қамтумен жұмыс істейді), орыс тілінде білім беретін – 10 мектеп ( 2 қала мектебі – 1053 оқушыны қамтумен және ауыл округіндегі 8 мектеп – 547 оқушыны қамтумен). Аралас тілді оқытумен – 17 мектеп (6 қала мектебі – 3936 оқушы және 11 ауыл мектебінде – 2305 оқушы). Ауданда ауыл округтерінде орналасқан 26 шағын жинақталған мектеп жұмыс істейді.

 2018-2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарасты жағдай бойынша аудан мектептерінің оқушылар контингенті 9877 оқушыны құрайды. 2018 жылмен салыстыру бойынша (9775 оқушы) контигент 102 оқушыға артты.

Тиісті оқу сыныптары жоқ, халық сирек қоныстанған пунктердің 776 оқушы үшін  ауданның 17 мектепке тасымалдау ұйымдастырылған. Ауданда қазақ тілінде білім беретін тиісті сыныптар жоқ, елді мекендердің балаларын оқыту және тұруы үшін, қазақ тілінде білім беретін Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясы жанында 100 орынға арналған, 123 оқушы оқитын және тұратын интернат жұмыс істейді және орыс тілінде білім беретін 100 орынға арналған, 87 оқушы тұратын және оқитын Щучинск қ. №10 жалпы түрдегі мектеп-интернаты жұмыс істейді. Тамақтандыруға 26,6 млн.теңге астам, жанар – жағар материал сатып алуға 25 млн.теңге астам қаржы бөлінген. Жаппай оқыту қоры бойынша шығындар 2018 жылы 40439,0 құрады және 2017 жылмен салыстыру бойынша 115,6 %-ға артты.

Просмотров: 536


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст