"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Облыстық «Мұқағали оқулары» байқауы өтті

16.03.2022

Облыстық «Мұқағали оқулары» байқауы өтті
   Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін насихаттау арқылы дарынды оқушыларды анықтап ,оларды ынталандыру мақсатында 2022 жылды 16  наурыз күні республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары»  байқауының облыстық кезеңі өтті. 
     Байқауға Бурабай ауданы  бойынша Абылай хан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінен  және  Щучинск қаласы  №9 мектеп-гимназиясының   оқушылары қатысты.
     Байқау қорытындысы бойынша «Жыр эстафетасы»  номинациясы бойынша Бурабай ауданының намысын қорғаған Щучинск қаласы  №9 мектеп-гимназиясының  10-сынып оқушысы  Батырбекова Шырын жүлделі 2-орынды,«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Щучинск қаласы  №9 мектеп-гимназиясының  10 - сынып оқушысы Рашит Султана 2-орынды иеленді. Жыр бәйгесіне баптап қосқан жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна. «Көкірегіме жыр сәулесі маздайды ..»номинациясы бойынша Абылай хан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Шаймұратова Жұлдызай сертификат алды.
   Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!!

Просмотров: 1074


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст