Текст
1 наурызда Щучинск қ. № 2 орта мектебінің базасында «Express Publishing», «Oxford University Press» оқулықтары баспасының өкілдерімен «ағылшын тілі сабақтарында оқу даралығын дамыту» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты: ағылшын тілі сабақтарында білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқытудың жаңа тәсілдерін педагогикалық тәжірибеде іске асыратын мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету.
Семинарға Ақмола облысы білім беру ұйымдарының 75 ағылшын тілі мұғалімі қатысты. Семинарға қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар берілді.
Е.Ю. Марандина, білім бөлімінің әдіскері