"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинары

27.02.2019

    «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық оқу дағдыларын қалыптастыру» атты аудындық семинар 26 ақпанында Ұрымқай орта мектебі базасында дайындалды және өткізілді. Семинардың мақсаты: педагогикалық практикада оқытудың жаңа тәсілдерін іске асыратын мұғалімдерге пәрменді әдістемелік қолдау көрсету.

       Семинарға Бурабай ауданы білім бөлімінің 31 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

        Семинар мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің жетістіктері мен бастауыш сынып оқушыларының көрмесінен басталды.  Семинар барысында жаңартылған бағдарлама аясында жаңа форматтағы практикалық сабақтар көрсете отырып, 4 мұғалім өзінің шеберлігін көрсетті.

       «Педагогикалық мозайка» семинардың 2 этап барысында шығармашылық тобының 7 қатысушы жұмыс тәжірибесімен бөлісті және мастер-класс өткізді. Мектеп педагог-психологі семинарға қатысушылармен тренинг өткізді.

       Белсенді қатысушылар Бурабай ауданы білім бөлімінің сертификаттарымен марапатталды. Педагогтар семинарда алған білімдерін жоғары бағалады.

Просмотров: 502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст