Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.Болашақта өркениеті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін ол — білім.
Инновациялық технологияларды меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Инновациялық үрдісті ұстанған №9 мектеп-гимназиясы заман талабына сай білімді, жан-жақты, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуді көздейді. 22. 02.2019 күні №9 мектеп-гимназиясында аудандық «Инновациялық мектепті дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы жетістіктер» атты дөңгелек үстелTedx форматында өтті. Дөңгелек үстелге аудандық мектептердің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жиналды. Іс-шара барысында №9 мектеп-гимназиясының тәжірибесі көрсетілді өте жоғары деңгейде өткізіліп, келген қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.