"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«ЖАҢА МАЗМҰНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ҚАДАМДАР » тақырыбында аудандық семинар

22.02.2019

 «Білім беру мазмұнын  жаңарту аясындағы семинар  маған не берді…»

«Өмір бойы білім алу- әрбір

қазақстандықтың

 жеке кредосына айналуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

 

      2019 жылдың 21ақпанында  аудандық білім бөлімінің 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес Щучинск қаласындағы  № 7 лицейде жаңартылған бағдарламаның ғылыми-әдістемелік   негіздерін  зерделеу, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, педагогтардың кәсіби құзырлылық  деңгейін жетілдіру мақсатында «ЖАҢА МАЗМҰНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ  БАҒДАРЛАМАСЫН  ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ҚАДАМДАР »  тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға   аудандық  мектептердің қазақ тілі мұғалімдері қатысты. Семинарда ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сабақтар өткізілді.      Семинардың теориялық және практикалық бөлімінен соң,  семинарға қатысушы мұғалімдер  көкейтесті   сұрақтарымен ой бөлісті.

      Жалпы осы семинарда мұғалімдер  білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы критериалды бағалау жүйесін тиімді жүргізу жолдарымен танысып, қазіргі заман білім беру үлгісінің жаңа тұжырымдамалық негіздері мен мазмұндық үлгісі, оқытуды  ұйымдастырудың жаңа тәсілдері мен   сабақты зерттеу әдістері  туралы   мол тәжірибе алды.     

   Болашақта барлық үйренгендерін үнемі жетілдіріп, әрбір сабақтарында қолданады  деп нық сеніммен  айта аламыз.

   Барлық  мұғалімдерге  жұмыста шығармашылық табыс тілейміз!!!

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст