"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Аудандық «Тіл дарыны» байқауы

18.02.2019

   Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы  шеңберінде Бурабай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 18 ақпан 2019 жылы  Щучинск қаласы «Арман»МТОТЖО  орталығында  аудандық «Тіл дарыны» байқауы  өттi. Байқаудың мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үштілдікті насихаттау;

Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру;

- жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;

-тіл мәдениетін жетілдіру.

Байқауға ауданның  15 мектебінен 8-11 сынып  оқушылары  қатысты.

 Оқушылар  «Полиглот», «Мәдениеттаным», «Үздік каллиграфист»,

 «Ең үздік мәнерлеп оқу»,  «Экскурсия», «Диолог», «Жас ақын» номинациялары бойынша бәсекеге түсiп, бақ сынасты. Қазылар алқасы әрбір қатысушының тапсырмаларды орындағанда тілді қаншалықты меңгергенін сынға алды. Әрбір сөздің дұрыс дыбысталуына да жіті мән берілді. Сахна мәдениеті де назардан тыс қалған жоқ.

 «Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар» дегендей ,осы байқау  барысында шығармашылық ізденістері мен үщ тілділік қабілеттерінің жоғары деңгейлігімен ерекше көзге түскен  Шучинск қаласының № 7 мектеп –лицейі,№1,9 МГ, №6 ОМ, Зеленобор МГ, С.Сейфуллин атындағы орта  мектептерінің  оқушылары жүлделі орындарды иеленді.Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!

 

Просмотров: 470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст