Құрметті ата-аналар!
Бурабай ауданының және Щучинск қаласының тұрғындары!
Щучинск қаласының «Горный» шағын ауданында жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Щучинск қаласындағы 135 орындық интернатымен 800 орындық № 11 жаңа IT мектеп - лицейін ашу жоспарлануда. 2 корпустан тұратын типтік мектеп ғимараты: оқу корпусы мен мектеп жанындағы интернаттан. Сондай-ақ 4 мектеп автобусқа есептелген гараж бар. Автономды жылыту. Оқу ғимаратының 2 қабатында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 18 пәндік кабинет орналасқан, 3-ші қабатта 13 пәндік кабинет және жаратылыстану - математикалық бағыттағы 7 зертхана орналасқан. Сыныптардың орташа толымдылығы 10-нан 20 адамға дейін.
Осы мектепке балаларды қабылдау 5-11 сыныптардан басталады. Аталған мектептің ашылуы Щучинск қ. №1 МГ, №2 ОМ, №3 ОМ-де және Щучинск қ. №9 МГ, №10 мектеп-интернаты мектеп жанындағы интренаттарында оқушылардың орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша жүргізіледі. Оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндер (математика, физика, химия, биология, информатика) бойынша тереңдетілген білім алады, бағдарламалау, робототехника, веб-дизайн, ақпараттық қауіпсіздік негіздерін тереңдетіп білу, өзіндік зерттеу іс-әрекетінің тәжірибесін, сондай-ақ бағдарламашы, іс жүргізуші куәлігін және жүргізуші куәлігін алу арқылы кәсіби бағдарлы білім алады. Ауданның басқа мектептерінен оқушыларды қабылдау жүзеге асырылады.
Жаңа мектепке ауысу туралы өтінішті қабылдауды мектеп әкімшілігі алдын ала жүзеге асырады.
Барлық сұрақтар бойынша білім бөлімінің бас маманы Жакенова Айнагүл Баянбайқызы 21333 телефоны арқылы хабарласуға болады.