2019 жылғы 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагері базасында «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңі өтті.
«Зерде» зерттеу жобаларының республикалық конкурсына, республиканың барлық жас зерттеушілері, 1-7 сынып оқушылары қатысты. Жеке және командалық жобалар ұсынылды. Байқау екі жас санаты бойынша өтті: бастауыш мектеп оқушылары және 5-7 сынып оқушылары. Оқушылардың зерттеу жұмыстарын қорғау 8 секция бойынша өткізілді.
Конкурсқа Бурабай ауданынан Щучинск қ. №5 ОМ, Николаевка ОМ-нің оқушылары қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Бурабай ауданының барлық оқушылары жеңімпаз және жүлдегер атанды: тіл білімі секциясында командалық жобада жеңімпаз атанды, Щучинск қ. № 5 ОМ-нің 4-сынып оқушылары Баркинхоева Лейла мен Нурманова Нұрай бірінші орындарға ие болды.
«Менің ауылымның топонимдері» тақырыбымен өлкетану және тіл білімі секцияларында үшінші орынды А.С. Куницы атындағы Николаевка орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сытенко Дарья иеленді.
Барлық қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» дипломдары мен сертификаттарын алды. Біздің жүлдегерлер мен қатысушыларды құттықтаймыз. Балаларға шығармашылық табыс тілейміз!
К.А. Алдабергенова, білім бөлімінің әдіскері