"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ғылыми-тәжірибелік конференция

10.02.2022

2022 жылдың 8 ақпанында онлайн режимде «Ауылдық шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты: ауылдық шағын жинақты мектептердің (ШЖМ) қазіргі жағдайы және дамуы мәселелері бойынша білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.

Конференцияға Бурабай ауданының шағын жинақты мектептердің директорлары, директорлардың орынбасарлары, мұғалімдері қатысты.  Конференцияның пленарлық бөлімінде ШЖМ басшылары ауыл шағын жинақты мектеп басқармасының істерімен бөлісті. Конференция жұмысы 4 бағыт бойынша өтті: бастауыш сынып мұғалімдері, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдер, жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдер секциясы және ШЖМ директорларының орынбасарлары секциясы. Келесі сұрақтар қарастырылды: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ-терде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, ШЖМ педагогтарының кәсіби дамуындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі, шағын жинақты мектептерді қолдаудағы Ресурстық орталықтардың рөлі. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы шығарылып, шағын жинақты мектептерге жіберіледі.

Просмотров: 445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст