"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

31.01.2022

Кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

"Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнінде анықтама беру"мемлекеттік қызметі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр – сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру"электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап-30 минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қорғаншылық немесе қамқоршылық туралы анықтама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі белгіленген нысандағы өтініш.
Қосымша ақпарат алу үшін Бурабай ауданының білім бөліміне 2-30-89 телефоны бойынша немесе білім бөлімінің сайтына хабарласуға болады burabay.akmoedu.kz.

Бас маман
білім беру бөлімінің
Бурабай ауданы
Жанботинова М. А.

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст