"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Қазақстан халқына үндеу жасады.

12.01.2022

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Қазақстан халқына үндеу жасады. 
      Мемлекет басшысы еліміздің білім беру саласындағы алдағы реформалар туралы айтты. 
      Ол «Қазақстан халқына құрмет көрсетіп, оған жүйелі және тұрақты негізде көмектесетін уақыт келді» деп ерекше атап өтті. Мұнда  қол  қусырып, үнемі  мемлекеттен көмек күтіп отыру орынсыз деп айтқым келеді.  Біздің әрқайсымыз, әсіресе, білім беру саласының қызметкерлері өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге, оларда патриоттық, еңбексүйгіштік сезімдерін, терең білім мен функционалдық сауаттылықты тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек.  Өйткені, мемлекеттің күші болашақ ұрпаққа байланысты. Ел Президенті сапалы білімге қол жеткізу сөзсіз басымдық болып табылатынын, өйткені бұл бүкіл қоғам дамуының аса маңызды факторы екенін атап өтті.  Ол мұғалімдер тапшылығы бар өңірлер үшін қолдау шараларының тиісті пакетімен үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.  Бұл тапсырма біз үшін болашаққа арналған іс-қимыл жоспары,  педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін де қарқынды жұмыс істеуге тиіспіз, өйткені білім сапасын білікті, жоғары кәсіби мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес. 
     Бізді техникалық бағыттағы университеттердің көбеюі қуантады, өйткені болашақта біздің еліміз жоғары дамыған мықты мемлекетке айналуы керек.
      Біздің  барлық ұстаздарымыз Президент Қ. К. Тоқаевтың төңірегінде бірігуі керек. Өйткені  біздің  күшіміз  тек  бірлікте.

Просмотров: 376


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст