Текст
Бүгін 19 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтті. Ұлтына, дініне, жынысы мен нәсіліне, жасы мен нанымына қарамастан, біздің қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бәрімізді біріктіретін бұл бірлік пен келісім мерекесі. Кез келген мемлекеттің табысты дамуының негізіне бейбітшілік пен келісім жатады.
Осы бағыттағы ағартушылық жұмыстары мен белсенді қатысқаны үшін орталық психологы Г. А. Анисимова Бурабай ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды!
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!