"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Мектеп оқушылары арасындағы «Алтын сақа» облыстық онлайн сайысы қорытындыланды

07.10.2021

Мектеп оқушылары арасындағы «Алтын сақа» облыстық онлайн сайысы қорытындыланды 🏆

2021 жылғы 16 қыркүйек күні «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын іске асыру аясында мектеп оқушылары арасында «Алтын сақа» облыстық онлайн сайысын өткізді.

✨Сайыстың негізгі мақсаты: қазақ халқының дәстүрлі асық ойынын өткізу арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында қызығушылықты ояту, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, әділдікке баулу арқылы отансүйгіштік сезімдерін арттыру және ұлттық спортты насихаттау.

🔹Жарысқа облысымыздың 9 ауданы (Атбасар, Аршалы, Бұланды, Егіндікөл, Біржан сал, Бурабай, Жақсы, Зеренді, Шортанды) мен 1 қаласынан (Степногорск) жалпы саны 16 топ қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі топтар иеленді:

I – орын Бурабай ауданы, «Топ жарған» тобы (Ербол Алтынтаң, Мұса Ұлас, Тілеухан Еңлік);

II – орын Бурабай ауданы, «Сұңқар» тобы (Батан Құндыз, Жұмаш Іңкәр, Кусаинов Ерхан);

🏆Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен, барлық топтар белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен, жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.

Просмотров: 265


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст