Текст
Бурабай ауданының білім беру ұйымдарында 2021 жылғы 20-29 қыркүйек аралығында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай аудан бойынша онкүндік өткізіліп жатыр.
Осыған орай ұйымдастырылған онкүндік аясында Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын педагогтар мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттауды, жастардың бойындағы еліне деген құрметін күшейтуді, патриоттық сезімді арттыруды қамтамасыз етеді.