"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі

26.08.2021

      Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі

 

Биылғы жыл бәріміз үшін қиындығы үстем жыл болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізге қызметтің барлық аспектілеріне, соның ішінде білім беру процесіне қатысты үлкен өзгерістер әкелді. Білім беру ұйымдарының бір бөлігі қашықтықтан оқыту форматында жұмыс істеді. Әрине, бұл үлкен сынақ, бүкіл білім беру жүйесінің беріктігін тексеру болды.

Кез-келген қызметтің тиімділігін бағалау әрқашан мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тұрғысынан ұсынылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес алдағы бес жылға арналған даму көрсеткіштері мен индикаторлары айқындалды.

Қыркүйек айында балалар оқушы парталарына, мұғалімдер тақтаға оралады. Ауданның білім беру жүйесі бүгінде 40 мектептен тұрады: 39 мемлекеттік, 1 жекеменшік мектеп. Оның ішінде 26 орта, 8 негізгі, 6 бастауыш мектеп.

Мектепке дейінгі білім беру елдің білім беру жүйесінің іргетасы болып табылады және оның үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, ол мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту бағдарламасын ұйымдасқан, жан-жақты жүзеге асыру, сондай-ақ олардың ата-аналарына еңбек қызметіне қатысуға мүмкіндік беру қажеттілігімен анықталады. Сондықтан осы саланы дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады.

Ауданда биыл мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 2387 бала оқытылып, тәрбиеленеді.

Барлық 12 балабақша, бөбекжай және 30 шағын орталық жаңа 2021-2022 оқу жылына дайын. Мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша кешенді шаралар қабылдады.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды қамтуды арттыру үрдісі байқалады, екі жастағы балаларды қамту мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Балабақшалардың ұйымдық - құқықтық нысаны бойынша бөбекжайларға өзгертілуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі қолданылатын педагогикалық технологиялар спектрінің кеңеюімен, инновациялық және эксперименттік қызметтің кең таралуымен сипатталады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық технологиялары өте тиімді. Себебі, мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие –білім беру процесі «Барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604, «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу процесі 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» негізінде ұйымдастырылған.

Көріп отырғанымыздай, пандемия балалардың, ата-аналардың, педагогтардың мектепке деген көзқарасын өзгертті. Жаңа оқу жылында біз дәстүрлі оқытуды жетілдіріп, оның сапасын арттыруға мән бере отырып, қашықтықтан оқыту кезінде алған тәжірибені басшылыққа алуымыз қажет.

Сонымен, алдағы оқу жылында біз мектептердің оқытудың әртүрлі форматтарына (дәстүрлі, құрамдастырылған, қашықтықтан оқыту) әзірлігін қамтамасыз етуге тиіспіз.

Жаңа оқу жылының ерекшеліктерінің бірі «Әліппе» мен «Букварь» оқулықтарының оралуы болып табылады. Бірінші қыркүйекте мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларымызға, олардың алғашқы оқулықтары салтанатты түрде табыс етіледі. Сабақтың ұзақтығы 45 минутқа қайтарылды. Барлық білім беру ұйымдары қысқартылған оқу жүктемесімен жаңа оқу жоспарларына көшеді. Алты күндік оқу аптасына келетін болсақ, өткен оқу жылында аудан мектептері бес күндік оқу аптасы бойынша жұмыс істеді. Жаңа оқу жылында әлеуметтік қашықтық қажеттілігі болғандықтан, пандемияға және санитарлық талаптарға байланысты оқу процесін ұйымдастырудың белгілі бір ерекшелігі бар, егер кейбір мектептер бес күндік оқу аптасына сәйкес келмесе, олар алты күнге көшу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

2021-2022 оқу жылында еліміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және біздің ұлы ғалым, халық ағартушысы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтеді. Алдағы оқу жылындағы барлық іс-шаралар мерейтойлық күндерге арналады.

COVID-19 таралу қаупінің сақталуына байланысты әзірге енгізілген шектеу шаралары алынып тасталды. Білім беру ұйымдарымен бірлесіп, балалар мен қызметкерлердің мекемелерде қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданды.

1 қыркүйекке қарай біз оқу процесін ұйымдастырудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет!

Бүгінгі таңда Бурабай ауданының барлық білім беру ұйымдары Ashyq жобасына 100% қосылған. 40 мектеп пен 12 балабақша QR-код алды.

Сондай-ақ, мектеп формасы бойынша талап сақталады. Бұл ретте мектептерге іскерлік немесе классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге рұқсат етіледі. Әрбір білім беру ұйымының міндеті – өзіне ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіретін, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсете алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.

Ауданның білім беру жүйесін дамытудағы жетекші бағыттар білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтарының, тәрбиешілерінің педагогикалық қызметін тұрақты жетілдіру арқылы іске асырылатын болады. Ауданның әдістемелік құралымдарының жұмысы білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын, педагог кадрлардың сапалық құрамын талдауды, педагогтардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге асырылады. Жыл бойы 27 аудандық әдістемелік бірлестік, 4 аудандық қауымдастық жұмыс істейтін болады. Аудандық әдістемелік кабинетте директорлар, директор орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері үшін вебинарлар өткізіледі.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету - ұйымдар мен білім беру бөлімі қызметінің маңызды басым бөлігі  болып табылады. Әдіскерлер, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары оқу жылында 1-11 сынып оқушыларының оқыту сапасына мониторинг жүргізеді.

Білім беру мазмұнын жаңартудың қазіргі заманғы үдерістерінде мұғалімнің рөліне ерекше мән бере отырып және білім беру сапасын арттыру мұғалімнің даярлық деңгейі мен кәсібилігіне, оның құзыреттілігіне тікелей байланысты екенін түсіне отырып, әдістемелік кабинет жыл бойы педагог кадрларды курстық қайта даярлауға көп көңіл бөлді. Жаңа оқу жылынан бастап мұғалімнің жүктемесі 18-ден 16 сағатқа дейін азайды.

Соңғы үш жылда кәсіби шеберлік пен білім деңгейінің оң динамикасы байқалады. Жоғары кәсіптік білімі бар педагогтардың саны, біліктілік санаттары бар қызметкерлердің саны артты.

Жаңа оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау бастауыш және негізгі орта білім беру білім алушыларының базалық білімін тексеруге бағытталған жаңа моделі «Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу» (ББЖМ) форматына көшетін болады.

Оқу жылында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру үшін демалыс уақытында оқыту сессияларының жұмысы жоспарланған. Бұл бағыттағы білімді толықтыру жұмысын «Жазғы мектеп» аяқтайтын болады.

Аудан мектептеріне 50535 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алынуда. 7175 дана көлемінде көркем әдебиет сатып алынды. Мектепалды сыныптарға және 3, 6, 7, 8, 9 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кешенге қосымша тапсырыс берілді. Мектептердің оқулықтармен қамтамасыз етілуін талдай отырып, олар бюджет қаражатына сатып алынған оқулықтармен 100% - ға қамтамасыз етілген деп айтуға болады.

Мемлекет балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасауда.

2020-2025 жылдарға арналған БДМБ-на сәйкес ауданның 9 мектебінде турникеттер орнатылды, сондай-ақ 5 мектепте 2021 жылдың соңына дейін орнатылатын болады. Ауданның 12 мектебінде дабыл түймелері орнатылған. Қаланың 10 мектебінде бейнебақылау камералары Бурабай ауданының полиция бөлімінің Жедел басқару орталығына қосылған. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаланың 10 мектебінде мамандандырылған күзет қызметі енгізіледі.

Қызметтің маңызды бағыты - білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту. Біз қазіргі заманғы мектептің маңызды міндеті – оқушылар мен педагогтарға тиісті жағдайлар жасау екенін түсінеміз.

Бүгін ауданның білім беру ұйымдарында оқу жылының басына ғимараттарды дайындау бойынша жұмыс аяқталды. Жол картасы бағдарламасы бойынша Бурабай ауданының 2 мектебінің: «Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы ЖББМ» КММ және «Қатаркөл ауылының Досов атындағы ЖББМ» КММ ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

Мектептер және тиісті оқу сыныптары жоқ елді мекендерден 454 оқушы үшін 20 мектеп автокөлігімен тасымалдау ұйымдастырылады. Тасымалдау сапасын жақсарту үшін жыл сайын ескірген мектеп автокөлігін ауыстыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Қазірдің өзінде 3 шағын автобус сатып алынды .

Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 1784 оқушы, оның ішінде 90 бірінші сынып оқушысы үшін «Мектепке жол» акциясы аясында ауданның білім беру ұйымдарында оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға көмек көрсетілуде. 2021 жылдың басынан бастап жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен 495 оқушыға Нұр-сұлтан қаласының «Ақниет» қоры мектеп киім-кешегі мен керек-жарақтарын сатып алды, аудан мектептерінің 117 оқушысына кеңсе тауарлары бар қоржындар сатып алу түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Балаларға Бурабай аудандық мәслихаты көмек көрсетуде .

Алдымызда үлкен күш-жігерді, шығармашылық жұмысты, шыдамдылық пен мақсаткерлікті талап ететін жаңа жоспарлар, жаңа міндеттер, жаңа оқу жылы күтіп тұр. Барлықтарыңызға шығармашылық табыс пен алынған нәтижелерден қуаныш, оқушыларымызға оқуда табыс, денсаулық, бақыт және барлықтарыңызға амандық тілеймін. Жаңа оқу жылы құтты болсын!

 

 

 

Ж.Төлегенов, Бурабай ауданы бойынша

білім бөлімінің басшысы

 

Просмотров: 483


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст