"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Бурабай ауданы бойынша 9 және 11 сынып бітірушілер үшін салтанатты іс-шараларды өткізу алгоритмі

11.06.2021

Бурабай ауданы бойынша 9 және 11 сынып бітірушілер үшін салтанатты іс-шараларды өткізу алгоритмі

8 маусымда Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі әдіскері Бекбулатова Гүлсара Арманбекқызы мектеп директоры орынбасарларына  білім беру ұйымдарында  мектеп түлектеріне арналған іс-шаралар өткізу бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында өткізілетін іс-шаралар жайлы мәселе толық қаралды.
   "Бурабай ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының" 8.06.2021 жылғы №887 ұсынысына сәйкес мектепті бітіру бойынша салтанатты іс-шаралар 2021 жылғы 12 маусымда 9 - сынып түлектері үшін (833 оқушы), 2021 жылғы 14 Маусымда 11-сынып түлектері үшін (379 оқушы) барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, ашық алаңда өтеді.
Түлектер үшін іс-шаралар өткізу алгоритмі:
 - Салтанатты іс-шара басталғанға дейін мектеп аумағын тазалау қажет; 
 - Салтанатты іс-шараның басталуы бір уақытта аудан бойынша сағат 10.00-де;
 - Салтанатты іс-шаралар кезең-кезеңмен өткізіледі. Сонымен қатар, мектеп аумағында тек 1 мектеп бітіруші  сынып болады. 
 - Іс-шараны өткізу уақыты 45 минуттан аспауы тиіс; 
 - Сыныптар арасындағы іс-шаралар өту аралығы 30 минуттан кем болмауы керек (санитарлық тазалау және желдету,т. б.)
 - Мектеп аумағында адамдар, қонақтардың жиналуына жол берілмейді. Түлектердің өзінен басқа салтанатты іс-шараға бір ата-анадан немесе қамқоршыдан (әр түлекпен), сондай-ақ мектептің оқытушылар құрамынан қатысушылар саны - 6 адамнан артық емес;
- Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, мектеп ішінде ылғалды жинау жүргізу қажет; 
- Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін көшеде, қоғамдық тамақтану объектілерінде (кафе, мейрамханалар, т. б.) жаппай серуен өткізуге тыйым салынады).

Оқушылардың, қызметкерлердің денсаулығы, короновирустық инфекцияның пайда болу және таралу қаупі үшін білім беру ұйымының директоры  жауапты болады!

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст