«Зерде» республикалық байқауында Бурабайлық оқушылар үздік атанды!

02.02.2026

«Зерде» республикалық байқауында Бурабайлық оқушылар үздік атанды! 🏆

     2026 жылғы 29-31 қаңтар күндері Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында «Зерде» XXI республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті.

 Байқаудың мақсаты – жас зерттеушілердің ізденіс дағдыларын дамыту, олардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін қолдау.  
 Байқау нәтижесінде Бурабай ауданы Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Дәулетбек Ясмин “Зерде” XXI республикалық зерттеу жобалары байқауында 2 орын иеленді. Бұл ауданымыздың үлкен жетістігі. 
Жеңімпазымызды  шын жүректен құттықтаймыз!  Ғылыми  жетекшісі           Уалиева Гулнар Мейрамбековнаға алғысымыз шексіз!
Жас зерттеушімізге шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!

Просмотров: 11211


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу