Ақмола облысында үздік қосымша білім беру ұйымы анықталды Ағымдағы оқу жылында алғаш рет «Үздік қосымша білім беру ұйымы» облыстық байқауы өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.06.2021

Ақмола облысында үздік қосымша білім беру ұйымы анықталды

Ағымдағы оқу жылында алғаш рет «Үздік қосымша білім беру ұйымы» облыстық байқауы өткізілді.

Іс-шара үздік қосымша білім беру ұйымдарын анықтауға, тиімді педагогикалық тәжірибені жинақтауға және таратуға ықпал етеді.

Байқауға барлығы 11 өңірдің ұйымы қатысты: Аршалы а. балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Аршалы а. жас техниктер станциясы, Бурабай ауданының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Көкшетау дарыны» дарынды балалармен жұмыс жасайтын орталығы, Зеренді ауданының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Жарқайың ауданының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Көкшетау қ. «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, Степногорск қ. балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Көкшетау қ. балалар музыка мектебі, Есіл ауданының балалар музыка мектебі, Жарқайың ауданының балалар музыка мектебі.

Байқау қорытындысы бойынша Бурабай ауданының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы үздік ұйым болып танылды.

Орталық ұжымын құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз!

Просмотров: 733


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу