"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Бурабай ауданының білім бөлімі қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының іске асырылып жатқанын хабарлайды. Оның негізгі мақсаты — балалардың 5 бағыт бойынша үйірмелерде тегін білім алуын қамтамасыз ету (қоса беріледі).

15.12.2025
Бурабай ауданының білім бөлімі қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының іске асырылып жатқанын хабарлайды. Оның негізгі мақсаты — балалардың 5 бағыт бойынша үйірмелерде тегін білім алуын қамтамасыз ету (қоса беріледі).
 
Аталған жобаға қатысқысы келетін ұйымдар ағымдағы жылдың 19 мамырына дейін (қоса алғанда) Бурабай ауданының білім бөліміне төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:
• осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
• қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын, заңды тұлға құрмай қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйымның жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;
• Ұйым пайдаланатын ғимаратқа меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;
• балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері;
• тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі бар, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтардың білім туралы белгіленген үлгідегі құжаттарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі және жұмыс орнынан анықтама;
• педагогтардың біліктілік деңгейін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген штаттық кестенің көшірмесі;
• Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, шарттарға сәйкес) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
• Ұйым басшысының қолы мен мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған бейнебақылау камераларының орналасу сызбасы;
• Ұйым басшысының қолы мен мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген өрт кезіндегі эвакуация жоспарының сызбасы.
 
Ұсынылған құжаттар нөмірленіп, тігіліп, ұйым басшысы қол қояды және мөрімен (бар болған жағдайда) немесе басшының қолымен куәландырылады.
 
 
Қосымшалар:
 
Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі қосымша білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
 
– ғылыми-техникалық бағыт
(бастапқы техникалық модельдеу; авиа-, авто-, кеме, зымыран модельдеуі; робототехника; ғарыштану; 3D модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелерді инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кино-бейне шығармашылық; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; LEGO-конструирование; спорттық радиомодельдеу; автокөлік ісінің негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстары технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік модельдеу; шағын су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыш ғылымы; рендеринг — физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашют дайындығы; квадроциклдер; қарда жүретін көліктер; ағаш ұсталығы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; халықтық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт; ұшқышсыз ұшу аппараттары);
 
– туристік-өлкетану бағыты
(тау туризмі; су туризмі; жаяу туризм; жартаста өрмелеу; спорттық бағдарлау; спелеотуризм; велотуризм; шаңғы туризмі; оңалту туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық және ауыл туризмі; ғылыми туризм; гид-экскурсоводтар; географиялық, тарихи, экологиялық өлкетану; музейтану; ат туризмі; жас тау құтқарушы; із кесуші-құтқарушы; археология);
 
– экологиялық-биологиялық бағыт
(экология; орнитология; балық шаруашылығы; гүл өсіру; флористика; зоология; анималистика; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария; геология; ландшафтану; эколог-зерттеуші; өнеркәсіптік экология; STEM-зертхана (зерттеушілік биология, химия); гидропоника; эко-журналистика; фитопатология).
 
 
4-қосымша
 
Бурабай ауданының
білім бөлімі басшысына
Ахметжанова А.М.-на
 
Өтініш
 
 
(Ұйымның атауы)
 
ұйымын «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізуіңізді сұраймын.
 
Ұйым басшысы ________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
 
Қолы ____
Толтырылған күні ____
 
 
5-қосымша
 
Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша
мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі
комиссия төрағасына
Ахметжанова А.М.-на
 
Өтініш
 
 
(Ұйымның атауы)
 
балаларға арналған қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуіңізді сұраймын.
 
Осы арқылы төмендегіні хабарлаймын:
• дайындық бағыты ________;
• орналасқан жері ________.
 
Қосымша білім беру ұйымы балаларға көрсетілетін білім беру қызметтері үшін ата-аналардан ақы алмайды.
 
Қосымша білім беру ұйымы төмендегілердің сақталуын қамтамасыз етеді:
• санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, оның ішінде ұйымның нақты сыйымдылығы шегінде балаларды қабылдау;
• балалар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын;
• қосымша білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру нормалары мен қағидаларын;
 
Сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер базасына ай сайын төмендегі мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді:
• білім алушылар туралы;
• педагогтер туралы (саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі).
 
Қазақстан Республикасының білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі заңнамасының және осы Қағидалардың талаптарының сақталуына кепілдік береді.
 
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар __ парақта.
 
Ұйым басшысы ________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
 
Қолы ____
Толтырылған күні ____
Просмотров: 140


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст