"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

5 желтоқсан 2025 жылы Сәтпаев атындағы ЖОББМ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллект: Білім берудегі мүмкіндіктер» атты аудандық семинары өтті.

11.12.2025

5 желтоқсан 2025 жылы Сәтпаев атындағы ЖОББМ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллект: Білім берудегі мүмкіндіктер» атты аудандық семинары өтті. Бұл семинарға ауданымыздың 15 мектебінен бастауыш сынып мұғалімдер қатысты. Жалпы семинар 2 бөліммен жүргізілді.
І бөлімінде   бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізді:
 Рахметова.  М.А.3 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Ауа неден құралады?» зерттеу сабағын өткізді. Кусаинова М.М. 4 «А» сыныбында қазақ тілінен «Күрделі сөз» саяхат сабағын жүргізді.
Садырова А.С. 1 «А» сыныбы «Ертегілер еліне саяхат: Жеті лақ» сыныптан тыс іс-шарасын өткізді.
 Мектеп психологы Ахметжанова А.А. семинарға қатысушы әріптестермен тренингі жүргізді.
ІІ бөлімінде іс-тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды:
 Сактаганова А.О. «Жасанды интеллект: Білім берудегі мүмкіндіктер» шеберлік сағатын өткізді.
Айыпхан Меруерт «АКТ-ны қолдану арқылы функционалдық дағдыларды дамыту» тақырыбында  іс- тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік құралын таныстырды.
 Щучинск қаласының №8 мектебінің бастауыш сынып мұалімі Рахимжанова Ж.Т.«Математика сабағында жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында  өз тәжірибесін ұсынды.
 Семинар соңында Кусаинова М.М;  Рахметова М.А. және Садырова А.С. бірлескен коучинг өткізді.
          Іс-шараны қорытындылау сөзін аудандық бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының жетекшісі Уаисова Нургуль Жаксылыковнаға берілді. Аудандық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллект: Білім берудегі мүмкіндіктер» семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Семинарға қатысқан әр ұстаз өзіне қажетті ақпаратты алды,  алдағы уақытта өздерінің сабақтарына қолданады деген сенімдемін деді қауымдастық жетекшісі.. 
Семинарға атсалысқан барлық ұстаздарға және мектеп әкімшілігіне алғыс білдіреміз!

Просмотров: 308


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст