Текст
Щучинск қаласының аудандық Мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған салтанатты концерт өтті.
Аудан әкімі ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы олардың маңызды рөлін атап өтті. Бүгінде аудан мектептерінде 1300-ден астам мұғалім еңбек етіп, өздерінің асыл да жауапты міндетін сүйіспеншілікпен атқарып келеді. Осы күні үздік педагогтар Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік көңіл-күйді көрермендерге жарқын да әсерлі концерттік бағдарламасын ұсынған шығармашылық ұжымдар сыйлады.