Текст
2025 жылғы 18 қыркүйекте Бурабай ауданы әкімінің орынбасары төрағалық еткен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелері қамқоршылықтағы балалар тәрбиеленіп жатқан бес отбасына барып, тексеріс жүргізді.
Жұмыс барысында кәмелетке толмағандардың адамгершілік, психикалық және физикалық жағдайына, сондай-ақ олардың тұрмыс жағдайына, әрбір баланың жеке жатын орнының болуына ерекше көңіл бөлінді.
Отбасыларға бару жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес және тұрақты негізде жүргізіледі.