Текст
2021 жылғы 11 наурызда Бурабай ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Күзембаеваның төрағалығымен № 2 орта мектепте Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, онда № 2 орта мектебінде және Абылайхан орта мектебінде тұрмысы нашар отбасыларды анықтау бойынша білім беру ұйымдары жүргізіп жатқан жұмыстары туралы мәселелер талқыланды. Білім беру ұйымдарының директорлары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Ш.А. Мустафина – Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия хатшысы.