Осы "қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі туралы мәліметтерді, қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамаларды (қорғаншылар үшін), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" және Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға құжаттарды қараудың және қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жәрдемақы тағайындаудың жалпы мерзімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 1 жұмыс күнін құрайды. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Құжаттар тізбесі: Мемлекеттік корпорацияға: өтініш; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат( жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі); балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмесі (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуі туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш, анасының сөзінен жазылған әкесі туралы мәліметтер;
Екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда Қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі;
аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-сұлтан, Алматы қалаларының білім бөлімдерінің (басқармаларының) және Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері басқармасының қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі; баланың (балалардың) табысы туралы мәліметтер (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі, баланың (балалардың);
3) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуі туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш, анасының сөзінен жазылған әкесі туралы мәліметтер;
4) Екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда Қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шот ашу туралы шарттың электрондық көшірмесі;
5) баланың (балалардың) Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын табыстары туралы құжаттардың, алименттердің электрондық көшірмелері, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер);
6) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-сұлтан, Алматы қалаларының білім бөлімдерінің (басқармаларының) және Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері басқармасының қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау туралы бұйрығының электрондық көшірмесі.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Қорғаншылық және қамқоршылық органының әдіскері
Чижик Ю.
Тел 87163623089