Текст
«Оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту» атты аудандық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тәжірибе алмасу алаңы өтті.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.
Болашақта өркениеті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін ол — білім.
Инновациялық технологияларды меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет.