ZOOM платформасы арқылы қашықтық форматында еңбегін жаңа бастаған директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мектебінің кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша Щучинск қаласының П.И. Морозов атындағы № 3 жалпы білім беретін мектеп" КММ директорының орынбасары Татьяна Михайловна Войцехович еңбегін жаңа бастаған әріптестерімен келесі мәселелер бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті: мектеп жұмысын оқу жылына жоспарлау, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру. Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Вотинова Е.В. директорлардың орынбасарларының назарын мектеп құжаттамасын жүргізуге аударды,сондай - ақ "сұрақ –жауап" форматындағы дөңгелек үстел барысында 2020-2021 оқу жылының 3 тоқсанында БЖБ және ТЖБ өткізу мәселелері қозғалды. Семинардың барлық материалдары электрондық форматта мектеп поштасына жолданды.