Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу.
Байқау 6 номинация бойынша өткізілді:
- Шешендік, білгірлік сайысы;
- Көркемсөз оқу;
- Эссе жазу;
- Ұлттық аспапта өнер көрсету;
- Ақындар айтысы;
- Ақындар мүшәйрасы.
Бұл байқауда Бурабай ауданының дарынды оқушылары өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленді.
Байқаудың қорытындысы бойынша ІII-дәрежелі дипломмен
«Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша - Бостандық Нурали – Бурабай ауданы Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
«Эссе жазу» номинациясы бойынша- Канат Медина – Бурабай ауданы Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы марапатталды.
«Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Сатылхан Абдулла Оқжетпес ауылының ЖОББМ 10-сынып оқушысы грамотамен марапатталды.
Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!